Мансаптық өсу орталығы

Орталық қызметінің бағыттары:

 1. Мамандарға қажеттілігі бар нарықтың талдануы

Бүгінгі күні колледж түлегінің кәсіби дайындығын жетілдіру әлеуетті жұмысберушілер болатын ұйымдардың қатысуынсыз өтуі мүмкін емес.

Жұмысберушілер – колледждің негізігі серіктестері. Колледжде өзара әрекет жасау үлгісі жасалды, ол заманауи өндірістің талаптарын ескере отырып, жұмысберушілердің орта буын, білікті мамандарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, сондай-ақ, түлектердің кепілді жұмысқа орналасуын іске асырады.

Колледж жылдары, мамандықтары бойынша мамандарға деген қажеттілігі бар нарықты талдап отырады, олар:

1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» – 2019-98 адам, 2020 – 68адам, 2021 – 38 адам, 0507000 «Қонақ үй шаруашылықтарының қызмет көрсетуін ұйымдастыру» –  2019- 50 адам, 2020 – 28адам, 2021 – 13адам, 0511000 Туризм- 2019-34адам, 2020 – 18адам, 2021 – 15адам, 1304000 «Есептеуші техника және бағдарламамен қамтамасыз ету»- 2019-50адам,2020 – 50адам,2021 – 30адам, 1305000 «Ақпараттық жүйелер»- 2019-37адам, 2020–33адам, 2021–25адам, 1401000 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» – 2019-64адам, 2020 – 51адам, 2021 – 49адам, 1417000 «Азаматтық ғимараттардың ішкі көрінісін әрлеу, қайта құру, қайта қалпына келтіру» -2019-25адам, 2020 –19адам,2021 –12 адам.

Жылдары, мамандықтары бойынша қажеттіліктің қорытындысы келесіні құрайды:

2019-358 адам, 2020 – 265 адам, 2021 – 182 адам.

Оқу бітіруші топтың 4 курстағы 22 білімалушысы сабаққа өз қалауларымен қатысады, өйткен олар технологиялық тәжірибеден өткеннен кейін, негізді кәсіпорындарында жұмыс орындарын алады. Кәсіпорынмен келісіп, оларға білім алудың жеке жолы құрастырылды.

2. Жұмысқа орналасуға көмектесу мақсатымен, еңбек нарығының жағдайы және беталыстары туралы білімалушыға хабарлау.

Студенттермен оқу жылы бойынша өткізілетін қарым-қатынастық іс-шаралардың ұйымдастырылуы өте маңызды.  Оқу жылының ішінде студенттер мен оқытушыларды жетістіктермен, қиындықтармен және нақты саланың келешектерімен таныстыру үшін озық мамандармен, мемлекеттік органдармен және ірі ұйымдардың басшыларымен оқылатын «Платиналық лекциялар», компанияларымен кездесулер өткізіледі. Сол сияқты институционалды әріптестермен де кездесулер ұйымдастырылады, оларда оқу бітіруші курстардың студенттері кәсіпорынның қызмет саласы туралы толық мәлімет алады, жұмысберушілердің негізінде тестілеуден немесе әңгімелесуден өтеді және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен өндірістік- технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтуге шақырулар алады.

Бұлар әлеуетті жұмысберушілермен кездесулер, дарынды жастарды анықтау үшін өткізілетін байқаулар, келешегі зор түлектер туралы ақпаратты жұмысберушілерге ұсыну, компаниялардың таныстырылымдары, жұмысқа орналасу және мансап құру сұрақтары бойынша дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, тренингтерді ұйымдастыру, табыс әкелетін мансапты құруға  ақпараттық-кеңестік қолдау көрсетулер жүргізіледі.

Осындай іс-шаралардың барлығы 68, олар: 2519 – білімалушы, 638 – жұмысберуші, 78 – негізді кәсіпорын қатысты (платиналық лекциялар – 4, тренингтер –6, қор орталықтарында оқу – 5, компаниялардағы кездесу – 11, конференциялар – 4, форумдар – 1, көрмелер – 2, кәсіпорындардағы саяхаттар – 9, хакатон – 2, маманданудан өту – 1, үйірменің ашық отырысы – 1, дөңгелек үстел – 5, WSK чемпионаты – 2, кәсіби шеберліктің байқауы -5, шеберлік сыныптары -6, жұмысберушілерді тартып зертханаларды ашу – 3, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі -1, ашық есік күні -6, мамандықтар фестивалі өткізілді.

3. Халықты жұмыспен қамту орталығымен бірге бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен алмасу

Халықты жұмыспен қамту орталығының бос жұмыс орындары  және жастардың тәжірибесі туралы ақпарат, кездесулер кезінде орталықтың өкілдерінен келіп түседі, сондай-ақ, колледждің әлеуметтік желілерінің беттерінде орналастырылады, бірақ олар колледждің түлектерін қызықтырмайды, өйткені ұсынылатын мамандықтардың тізбегі негізінен оқу бейініне сәйкес келмейді.

4. Мамандарды даярлау және кәсіби тәжірибеден өту үшін жұмысберушілермен шарттар жасау тәжірибесін кеңейту

Колледжбен және жұмысберушілермен әлеуметтік серіктестікті дамыту мақсатымен, ұзақ мерзімді қызметтестік туралы 21 Меморандумға қол қойылды, оның ішінде 10 халықаралық қызметтестік туралы, 3 ҚР аймақтарындағы колледждермен («Жоғары колледж APEC Petro Technik ЖШС, Тараз қаласындағы технологиялар мен сервис колледжі», КГУ «Қарағанды техникалық- құрылыс колледжі»), мамандарды даярлауға кәсіпорындармен қызметтестік бойынша  23 келісім, 192 шарт жасалды, тәжірибенің негізі болатын кәсіптік тәжірибеден өту үшін 237 кәсіпорынмен шартқа қол қойылды.

5. Қосымша кәсіби дайындық

Бәрінен бұрын, студенттің келешек жұмысқа орналасуы білім сапасымен, соның ішінде жұмысберушілердің сұранысына сай келетін қосымша кәсіби дайындықтың бағдарламаларын жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіледі. Серіктестіктің маңызды бағыты – бұл Оқу және Қор Орталықтарының қызмет етуі.

Колледжде студенттерге жұмысберушілердің сұранысына сәйкес келетін халықаралық үлгідегі сертификаттарды иелендіріп  (КНАУФ-108 адам, BOSCH-78 адам) қосымша кәсіби дайындықтың бағдарламалары бойынша оқу мүмкіндігі беріледі.

6. Колледжде скринингтік жүйені енгізу

Негізді кәсіпорындар ұсынатын қызметтерге үміткерлерді, колледждің студенттерін іріктейтін скринингтік жүйе енгізіледі. Колледжде түлектердің негізі құрылды, оған оқу бітіруші топтардың студенттері кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарына кейін жұмысқа орналасу мақсатымен, өздерінің түйіндемелерін орналастырады. Скринингтің түрлері: әңгімелесу (телефон немесе онлайн немесе сұқбат алу), түйіндеме қарау, портфолио, сауалнама жүргізу (сұрақ) тестілеу.  Биыл студенттерді қамту – 234 адамды құрады.

7. Жұмысқа орналасу

Студенттердің ата-аналарының, түлектерге сауалнама жүргізу, әлеуметтік серіктестер, жұмысберушілер,  аттестаттау  комиссиялары төрағаларының пікірлерін, мамандықтардың түлектерінің жұмысқа орналасуын талдай отырып,    түлектерді даярлау деңгейімен қанағаттану дәрежесі анықталады, ал ұсыныстар мен ескертулер даму жоспарына түзетулер кірігізу үшін негіз болады.

Оқу бітірген бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылғандардың, колледж түлектерінің үлесі, колледждердің ұлттық  рейтингінің көрсеткіші болады.

Осылай, 2017-2018 оқу жылында оқу бітіргендердің саны- 453 адам, оның ішінде – 370 (82%) жұмысқа орналастырылды, ЖОО түскендердің саны – 49 адам (10,5%),  әскерге шақырылғандардың саны – 24 адам (5,3%), шетелдерге кеткендердің саны – 2 адам (0,4%),  баламен демалысқа шыққандардың саны -2 адам (0,4%), жұмысқа орнласпағандардың (фрилансертер) саны – 1,4%.

Әлеуметтік серіктестердің негіздерінде жұмысқа орналасқандардың саны –136 адам, бұл оқу бітірушілердің жалпы санының- 30% құрайды. Жұмыспен қамтылуын ескеріп санағанда, түлектердің жұмысқа орналасу  динамикасы – 98,6% құрайды.

8. Колледжде студенттердің кәсіби мансаптық өсуіне қол жеткізуіне және табысқа қол жеткізген түлектердің кәсіби және жеке қасиеттерінің мысалдарымен ынталандыру және әрі қарай дамыту үшін «Жарқын болашақ жолында» стенді орналастырылды.