Талапкерлерге

Ең жиі қойылатын сұрақтардың ондығы

1– Сұрақ.  йден шықпай-ақ құжаттарды қалай тапсыруға болады?

1-Жауап: «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік  қызмет көрсету стандартына сәйкес сіз құжаттарды электрондық форматта «электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы арқылы бере аласыз.

2-Сұрақ: Қандай мамандықтар бойынша білім гранттары бар?

2-Жауап: Биылғы оқу жылында келесідей мамандықтар бойынша гранттар бөлінді:

1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» (орыс тілі оқыту, 9 сынып негізінде және мемлекеттік тілі оқыту мамандық бейіні бойынша ТжКБ базасында )

1417000 «Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру» (мемлекеттік және орыс тілі оқыту, 9 сынып негізінде)

1405000 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану (орыс тілі оқыту, 9 сынып негізінде)

1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (мемлекеттік және орыс тілі оқыту, 9 сынып негізінде)

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» (мемлекеттік және орыс тілі оқыту, 9 сынып негізінде)

1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)» (мемлекеттік және орыс тілі оқыту, 9 сынып негізінде)

1307000 «Электр байланысы және желімен хабарлаудың желілік құрылыстарын пайдалану» (мемлекеттік тілі оқыту, 9 сынып негізінде)

1306000 «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)» (орыс тілі оқыту, 9 сынып негізінде)

0507000 «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» (мемлекеттік және орыс тілі оқыту, 9 сынып негізінде)

3-Сұрақ. 086/у- үлгісіндегі медициналық анықтамасыз оқуға өтініш беруге боладыма?

3-Жауап: Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама алу кезінде туындаған қиындықтарды ескере отырып, Білім және ғылым министрі анықтаманы көрсетпей, колледжге құжаттарды қабылдауға уақытша рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды. Медициналық анықтамаларды оқу жылы басталғанға дейін ұсынуға болады.

4-Сұрақ. Шығармашылық емтихандар мен шығармашылық жұмыстар портфолиосы қалай бағаланады?

4 -Жауап: 1417000 «Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру және қайта құру» мамандығы бойынша талапкерлердің портфолиосын бағалау және шығармашылық емтихан өткізудің арнайы  ережесі бекітіледі. Ереже 20 шілдеде колледждің сайтына орналастырылады.

5- Сұрақ. Бейіндік пәндер бойынша бағалар немесе аттестаттың орташа балы,  қайсысы басымдыққа ие?

5- Жауап: Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндерді бағалаудың жиынтық балының нәтижесі бойынша жүргізіледі.

6- Сұрақ. Егер бірнеше талапкердің бейіндік пәндер бағасы бірдей болса және аттестаттың орташа балы бірдей болса не болады? Бұл жағдайда талапкердің конкурстық балын қалай анықтауға болады?

6 -Жауап. Оқуға түсушілерді бағалаудың жиынтық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы ескеріледі. Орта балл тең болған жағдайда – қабылдау квотасы көзделген тұлғалар санаты–бұл I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар; жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар; ауыл жастары қатарындағы азаматтар; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін; жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе айырылған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініші негізінде жүзеге асырылады.

7 – Сұрақ. Қабылдау тізімі қашан шығады?

7- Жауап: Қабылдау ережесіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК-на азаматтарды оқуға қабылдау 2020 жылдың 25 тамызында өтеді. Қабылдауға алдын-ала ұсынылған болжамды тізім 2020 жылдың 22 тамызында анықталатын болады.

8 – Сұрақ. Әр түрлі мамандықтар бойынша конкурстық балл қалай есептеледі?

8- Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 578 бұйрығына сәйкес негізгі орта білімі бар (9 – сынып) оқуға түсушілер үшін жиынтық балл үш пән бойынша: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша

0507000 «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» – География және Шет тілі;

0511000 «Туризм (салалар бойынша)» – География және Шет тілі;

0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)»  – Алгебра және Информатика;

1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»Алгебра және Физика;

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» – Алгебра және Информатика;

1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)» – Алгебра және Информатика;

1306000 «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)»  – Алгебра және Физика;

1307000 «Электр байланысы және желімен хабарлаудың желілік құрылыстарын пайдалану»- Алгебра және Физика;

1401000 «Ғимарттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»- Алгебра және Физика;

1405000 «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану»- Алгебра және Физика;

1417000 «Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру және қайта құру» – «Сурет»  және «Кескіндеме»;

9-Сұрақ: Ақылы негіздегі топтарға қабылдау қандай мамандықтар бойынша жүргізіледі? Оқу ақысы қанша тұрады?

9-Жауап: Биылғы жылы ақылы негізде келесі мамандықтар бойынша қабылданады: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» (Мемлекеттік және орыс тілдерінде) «Есеп және аудит» (орыс тілінде), 0511000 «Туризм» (орыс тілінде). Оқу ақысы бір оқу жылана 195 000 теңгені құрайды.

10-сұрақ: Колледжде  биылғы оқу жылына арналған қандай квоталар бар? Квоталар бойынша қанша орын бөлінді?

10-Жауап: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес анықталған мемлекеттік білім беру  тапсырысы бойынша және ҚР Үкіметінің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының негізінде, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК оқуға түсу кезінде келесідей квоталар қарастырылған:

1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар-1 пайыз (5 адам.);

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша қатысушылар мен мүгедектеріне – 0,5 пайыз (2 адам.);

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға – 30 пайыз (104 адам.);

4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар-4 пайыз (18 адам).);

5) Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе жоғалтқан жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары-1 пайыз (5 адам).