Талапкерлерге

«Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану»

Біліктілігі:

140501 2 – Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі

140502 2 – Газ шаруашылығында апатты қалпына келтіру жұмыстарының слесарі

140504 3 – Газ обьектілері құрал- жабдығын пайдалану технигі

Оқу нысаны: күндізгі

Оқытудың нормативті мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай;

Оқыту тілі: орыс тілі

«Газ объектілері құрал-жабдығын пайдалану технигі» біліктілігін алуға арналған білім беру бағдарламаларының құрамына төмендегідей жұмысшы біліктіліктер енеді:

1405012 «Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі»

Кәсіби қызметінің аумағы:

– газбен қамтамасыз ету жүйелерінің жабдықтарына қызмет көрсету;

– пайдаланудағы жабдықтардың бұйымдарын, түйіндерін, газ беру жүйелерінің ақауларын анықтау;

– слесарлық жұмыстарды жүзеге асыру;

– газ техникасы қалыпна келтіру және оның бөлек түйіндерін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын орындау;

– жөндеу жұмыстарынан кейін жабдықтарды сынақтан өткізу және оны пайдалануға беру;

1405022 «Газ шаруашылығында апатты қалпына келтіру жұмыстарының слесарі »

Кәсіби қызметінің аумағы:

  • төменгі және орташа қысымды қызмет етуші газ құбырларында апаттық- жөндеу жұмыстарын орындау;
  • сұйық газды газ жинақтаушыдан жою;
  • газ құбырларын саңылаусыздыққа үрлеу және буландыру арқылы сынау;
  • тұрмыстық газ аппараттарын қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын орындау;
  • газды және газ жабдықтарын желіге қосу.

140504 3 «Газ обьектілері құрал- жабдығын пайдалану технигі»

Кәсіби қызметінің аумағы:

  • газбен қамтамасыз ету және тарату жүйелерін салу, жобалау және пайдалану;
  • Оқу модульді- құзыреттілік оқыту бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Аталмыш бағдарламада пәндер базалық және кәсіби модульдерден құралады.
  • Базалық модульдер:
  • Кәсіптік қызмет аясында кәсіптік лексиканы қолдану;
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын құрастыру;
  • Қоғам және еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану;
  • Кәсіптік қызметте экономиканың базалық білімдерін қолдану;

Кәсіптік модульдер:

  • Газды жабдыққа техникалық қызмет көрсету
  • Газ қауіпті жұмыстарын қауіпсіз жүргізу;
  • Газды жабдықты пайдалану және жөндеу бойынша слесарь жұмыстарының негізгі түрін орындау;
  • Қолданыстағы газды құбырларға авариялық жөндеу жұмыстары;
  • Слесарьдың газды шаруашылықта авариялық- қалпына келтіру жұмыстарының негізгі түрлерін орындау;
  • Газды болу және газды тұтыну жүйесін жобалау;
  • Газды болу және газды тұтыну жүйелерін салу және монтаждау;
  • Газды болу және газды тұтыну жүйелеріне пайдалану;

Кәсіптік қызметте пайдаланылатын заманауи ақпараттық технологияларды оқытуға үлкен көңіл бөлінеді:

  • КОМПАС 3D, ArchiCAD, AutoCAD, CorelDraw, 3D-MAX; Мономах секілді модельдеу және жобалаудың автоматтандырылған жүйесі;
  • BIM технологиялары (ғимараттар мен құрылымдарды ақпараттық модельдеу) – Auto Desk Revit, RengaArchitecture бағдарламалары.

Болашақ мамандарды даярлау барысында оларды тәжірибелік дайындаудың алар орны үлкен. Әрбір модульді оқыту аяқталғаннан кейін келесі тәжірибелер түрі қарастырылған:

  1. Оқу тәжірибесі: танысу, сантехникалық, слесарлық, ұсталық- дәнекерлік, сызбалық жобалау бойынша тәжірибе, геодезиялық;
  2. Өндірістік оқыту;
  3. Диплом алды тәжірибе;

Колледж базасында тәжірибелік оқытуға арналған қазіргі заманғы оқу- зертханалық жабдықтармен және 10 жұмыс орнына арналған дәнекерлеу цехтарымен жабдықталған BoschThermotechnik ресурстық орталығы қызмет атқарады.