Абитуриенттерге

Қабылдау туралы хабарлама

АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ 2017-2018 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша білім алушылар қабылдайтынын жариялайды:

Жұмысшы біліктіліктері бойынша:
1. «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»

Біліктілігі: 2 өңдеу құрылыс жұмыстарының шебері
Күндізгі: 9 сынып базасында – 2 жыл 10 ай (қаз., орыс).

2. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Біліктілігі: 2 автокөліктердің электр құрылғыларын жөндеуші электрик
Күндізгі: 9 сынып базасында – 2 жыл 10 ай (орыс).

1. «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Біліктілігі: 3 техник-бағдарламашы
Күндізгі: 9 сынып базасында – 3 жыл 10 ай (қаз., орыс)
Сырттай: 11 сынып базасында – 2 жыл 10 ай (қаз., орыс).

2. «Ақпараттық жүйелер»

Біліктілігі: 3 техник-бағдарламашы
Күндізгі: 9 сынып базасында – 3 жыл 10 ай (орыс) ақылы негізде.

3. «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру»

Біліктілігі: 3 қызмет көрсетуші  менеджер
Күндізгі: 9 сынып базасында – 3 жыл 6 ай (қаз., орыс)

4. «Туризм»

Біліктілігі: 3 менеджер
Күндізгі: 9 сынып базасында – 3 жыл 6 ай (қаз.)
Ақылы негізде (орыс).

5. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу  және пайдалану»

Біліктілігі: 3 техник-механик
Күндізгі: 9 сынып базасында – З жыл 10 ай, (қаз.)
Біліктілігі: 3 мехатроник
Күндізгі: 11 сынып базасында – 2 жыл 10 ай (орыс)
Сырттай: 11 сынып базасында – 2 жыл 10 ай (қаз., орыс).

6. «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»

Біліктілігі: 3 техник-құрылысшы
11 сынып базасында – 2 жыл 6 ай (орыс) дуалды оқыту бойынша
Сырттай: 11 сынып базасында – 2 жыл 6 ай (қаз., орыс).

7. «Азаматтық  ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру» Біліктілігі: 3 техник-дизайнер

Күндізгі: 9 сынып базасында – 3 жыл 10 ай (қаз., орыс).

8. «Есеп және аудит» (ақылы негізде)

Біліктілігі: 3 экономист-бухгалтер
Күндізгі: 9 сынып базасында – 2 жыл 10 ай (қаз., орыс)
Сырттай: 11 сынып базасында – 1 жыл 10 ай (қаз., орыс).

9 сынып базасына құжаттарды қабылдау – 20 маусымнан 31 шілдеге дейін және 11 сынып базасына – 20 маусымнан 20 тамызға дейін, ал сырттай оқу бөліміне 11 сынып базасында – 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

Құжаттар тізімі:

  1. Білімі туралы құжаттың (куәлік, аттестат) түпнұсқасы және көшірмесі;
  2. ҰБТ немесе кешенді тестілеудің нәтижелері туралы сертификаты (11 сынып базасын бітіргендер үшін);
  3. Тууы туралы немece жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН (көшірмелері);
  4. Зх4 фотосуреті – 6 дана;
  5. № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы).

Күндізгі оқуға қабылдау емтихандары – 1 тамыздан 27 тамызға дейін кешендік тестілеу түрінде өткізіледі.

9 сынып базасында оқуға түсетіндер үшін емтихандар «Математика», «Қазақ (орыс) тілі» пәндерінен өткізіледі. «Туризм» мамандығына «География», «Қазақ (орыс) тілі» пәндерінен емтихан тапсырылады.

11 сынып базасында «Математика», «Қазақ (орыс) тілі», «Қазақстан тарихы» пәндерінен емтихан тапсырылады.

«Азаматтық  ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру» мамандығына оқуға түсушілер «Сурет» пәнінен шығармашылық емтихан, ал «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарына «Информатика» пәнінен тест түрінде  әңгіме өткізіледі.

Күндізгі оқуға қабылдау – 8 тамыздан 30 тамызға дейін, сырттай оқуға қабылдау құжаттардың байқауы бойынша – 20 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Күндізгі бөлімде оқыту бюджеттік және ақылы негізде, ал сырттай бөлімде оқыту ақылы негізде іске асырылады.

Қалаушылар үшін ақылы дайындық курстары ұйымдастырылған.

Апта сайын бейсенбі күндері сағат 11.00 –16.00-де сынамалы тестілеу өткізіліп отырады.

Біздің мекен-жайымыз:

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 39
тел.: 50-14-87, 68-07-20
e-mail: polytech@polytech.kz
http://www.polytech.kz