Кітапхана туралы

Астана қаласы әкімдігінің  «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» ШЖҚ МКК-нің құрылымдық бөлімдерінің бірі ретінде оқу кітапханасы колледж өмірінде маңызды орын алады.

Кітапхананың тарихы 1994 жылы Целиноград қаласының төрт жетекші техникумын біріктіру негізінде Астана қаласының Политехникалық колледжі құрылған кезден басталады.

Бастапқы қор техникумдарды біріктіргеннен кейінгі кітаптар болды, бірақ жылдан-жылға қор жаңа басылымдармен толықтырылды, ал бүгіндері кітапхана оқу әдебиетінің үлкен жинағына айналып отыр.

2008 жылы (MARK-SQL) заманауи автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық бағдарламасы сатып алынды, бұл негізгі кітапханалық процестерді автоматтандыруға және кітапхана қорына Электрондық каталог жасауға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта кітапхана-ақпараттың, білімнің және мәдениеттің заманауи орталығына айналды. Кітапхана қоры 70772 мыңнан астам оқу әдебиетін, мерзімді басылымды, әдістемелік құралды, библиографиялық көрсеткіштерді, баспа және электрондық тасымалдағыштардағы шетелдік басылымдарды сақтауды құрайды.  Кітапхана қазақ, орыс және шет тілдерінде газеттер мен журналдардың 40-қа жуық атауына жыл сайын жазылады.

Ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдіруге ниет білдірген білім алушылар мен оқытушылар үшін бейімделмеген басылымдар топтамасы ұсынылады.

Жаңа мүмкіндіктер кітапхана оқырмандарына оқу үрдісіне көмек ретінде оқулықтардың, оқу құралдарының, мерзімді басылымдар мен мультимедианың сандық көшірмелерін қамтитын «PROFбілім беру: цифрлік білім беру ортасының электрондық ресурсы» электрондық кітапханасын ұсынады.
PROFобразование

Кітапхана жоспарында ғылыми және оқу әдебиеттері есебінен электронды қорларды үнемі кеңейту көзделген. Кітапхана осындай қорды құру арқылы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға ықпал етіп, жәрдемдеседі.

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

  Исмағұлова Мария Шағманқызы – кітапхана меңгерушісі
+7 776 525 18 25
  Шабанова Александра Степановна – кітапханашы
+ 7 747 183 01 33
тел: 8 (7172) 677-546 ішкі телефон: 122
E-mail: library@polytech.kz