Колледж жаңалықтары

«Үздік конструктивті бейне сабақ»

Астана қаласының білім беру ұйымдарының педагогтарының арасындағы «Үздік конструктивті бейне сабақ» атты қалалық сырттай кәсіптік байқауына қатысуы

 2018 жылы 20 сәуірде Астана қаласының Білім басқармасында және Білім беруді жаңғырту орталығында  Астана қаласының білім беру ұйымдарының педагогтарының арасындағы «Үздік конструктивті бейне сабақ» атты қалалық сырттай кәсіптік байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың қатысушысы, арнайы пәндердің оқытушысы Проценко Оксана Дияшевнаға Білім басқармасының басшысы А.Жанғозинмен «Үздік конструктивті бейне сабақ» III дәрежелі Дипломы және қоғамдық пәндер оқытушысы Камшибаева Гульнар Жаскайратовнаға Білім беруді жаңғырту орталығының директорымен «Үздік конструктивті бейне сабақ» Сертификаты табыс етілді .

Оксана Дияшевнаға және Гульнар Жаскайратовнаға  қол жеткен табыстарыңызға тоқталмай, әрі қарайда шығармашылық табыстарға, жеңістерге жете беруді және «Адамның қолынан келмейтіні жоқ» деген өмірлік ұстанымды жалғастыра беруді тілейміз.

 Колледж әкімшілігі