Колледж жаңалықтары
Үздік педагог 1 year бұрын 47

«2017 жылдың үздік педагогі»

 

 

2017 жылы 5 қазанда Астана қаласының “Қазмедиа орталығында” «2017 жылдың үздік педагогі» атағына үміткерлердің Республикалық байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың қатысушысы, арнайы пәндердің оқытушысы Абдраимова Гульнара Фазылкаримовнаға, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев “2017 жылдың үздік педагогі” куәлігі мен төс белгісін табыс етті.
Гульнара Фазылкаримовнаға қол жеткен табыстарыңызға тоқталмай, әрі қарайда шығармашылық табыстарға, жеңістерге жете беруді және «Адамның қолынан келмейтіні жоқ», – деген өмірлік ұстанымды жалғастыра беруді тілейміз.

Колледж ұжымы