Колледж жаңалықтары

Ашық есік күні

 

Астана қаласы Білім басқармасының кестесіне сәйкес Политехникалық колледжде 2017 жылдың 16 қарашада «Инновациялық технологияларды енгізу негізінде мамандарды даярлау сапасын арттыру» Ашық есік күні өтті.

Мақсаты: инновациялық технологияларды және мамандарды даярлау сапасын арттырудағы көзқарастарды пайдалану бойынша колледж оқытушыларының жұмыс тәжірибесін көрсету.

Міндеттері:

  • колледж оқытушыларының кәсіби шеберлігімен және шығармашылығымен таныстыру.
  • қала оқытушыларымен шығармашылық тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

Шақырылғандар: Білім басқармасының әдіскерлері, «Өрлеу» БЖИ АҚ әдіскерлері, Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының оқытушылары. Қатысқандар: 68 оқытушыдан  26- Астана қ. ТжКБ ұйымдарынан

Ашық есік күнінің барысында, 2017-2018 оқу жылында аттестатталатын оқытушылармен 14 ашық сабақтар және 1 сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Барлық өткізілген сабақтар жоғарғы баға алды.

Оқытушылар әр түрлі педагогикалық және инновациондық технологияларды қолдану арқылы өздерінің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, сабақтың белсенді нысандары мен жүргізу әдістерін ашты. Ашық сабақтар барысында қолданылды: LCD-дисплейAha, Aha мультимедиялық подиум интербелсенді жабдықтары; ActiVote интербелсенді тестілеу жүйесі, Activstudio, AdoveCaptivate, 1С Бухгалтерия-8, Com3Lab аппараттық-бағдарламалық кешен, Prezi бағдарламалық қамтасыздандырулар, Power Point бағдарламасында таныстырылымдарды белсенді және кәсіби пайдаланды. Оқытушылар инновациондық технологияларды енгізу негізінде мамандарды дайындау сапасын арттыруда берілген әдістемелік тақырып бойынша өздерінің педагогикалық қызметтерінің нәтижелілігін көрсетті.

Л.Канажевская, Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары.