Новости колледжа

«Ашық есік күні» аясында «Дене тәрбиесі» пәні бойынша сабақ

2015 жылдың 28 қазанында Политехникалық колледжде Мажитов Руслан Қайратович «Дене тәрбиесі» пәнінен «Волейбол. Жоғарыдан, төменнен беруді орындау» тақырыбынан ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: допты жоғарыдан және төменнен беру әдістерін үйрету.

Сабаққа қатысқан «Шығыс» БЖО әдістемелік жұмыстар бойынша директорының орынбасары Искакова Г.К., сондай-ақ Астана қаласының 12 колледжінің ұстаздарының пікірлері бірауыздан болды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың дайындық бөлімінде жүгіру, жалпы дайындық жаттығулары жасалды, П-13-30гб тобының студенттері үйлесімді жұмыс істеді, жаттығуларды сапалы түрде орындады. Сабақтың дайындық бөлімінде білім алушылар жүгіру кезіндегі және орында жасалған жаттығулардың жақсы координациясын көрсетті.

абақтың негізгі бөлімінде білім алушылар жақсы дайындықты, өздік жұмыста белсенділік көрсетті «Эстафета» жарысында білім алушылар сабақтың тақырырыбын жетік меңгергенін көрсетті, өткен материалды жетілдіру үрдісінде белсенді болды. Сабаққа қатысқандар сабақтың уақытында басталуын, сапқа тұруды, рапорт беруін, сабақ мақсатының орындалғанын атап өтті. Сабақ толығымен өз мақсатына жетті.