Колледж жаңалықтары
Басқа 2 weeks бұрын 8

Бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдері білім беру грантын бөлуде бақылаушы бола алады

«Мемлекеттік бақылау картасы» жобасы шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, азаматтарға ЖОО-ры мен колледждерге түсу үшін білім беру гранттарын және мемлекеттік білім беру тапсырыстарын тағайындауда конкурстық комиссия жұмысына қатысуға мүмкіндік береді.
Білім беруге бөлінген қаражаттың жыл сайынғы ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады.
Агенттік қоғамдық бақылауды күшейту осы саладағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудың ең тиімді механизмдерінің бірі болатынына сенімді.
Биылғы жылы конкурстық рәсімдерге әр аудан мен облыста құрылған Агенттіктің Арнайы мониторинг тобының мүшелерінің белсене қатысуы күтілуде. Оның құрамына әртүрлі салалардағы сарапшылар кіреді: азаматтық қоғам, кәсіпкерлік, ғылыми және академиялық қоғамдастықтар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ блогерлер.
Тәуелсіз бақылаушы ретінде әрекет ету үшін, азаматтар алдымен танымал жедел хабаршылар мен әлеуметтік желілер арқылы Агенттіктің тиісті аумақтық бөліміне хабарласулары керек (сілтемелер мен байланыстар агенттіктің ресми сайтында көрсетілген).

Сонымен қатар, талапкерлердің әлеуетті жұмыс берушілері болып табылатын бизнес құрылымдардың өкілдерінің конкурстық комиссияларына қатысу өте маңызды.
Сондықтан Агенттік кәсіпкерлер мен үкіметтік емес сектор өкілдеріне жүгінеді:
Кәсіпкерлер үшін: егер Сіз жоғары кәсіби және талап етілетін дағдылары мен біліктілігі бар болашақ жұмысшыларға қызығушылық танытсаңыз, біз Сіздерді оқу орындарында білім беру гранттарын бөлу бойынша конкурстық комиссиялардың құрамына қатысуға шақырамыз.
Үкіметтік емес сектор үшін: егер Сіз ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз етуге мүдделі болсаңыз, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік бюджетті үнемдеуге мүдделі болсаңыз, Сіздерді оқу орындарында білім беру гранттарын бөлу жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамына қатысуға шақырамыз.

Қызығушылық танытқан тұлғаларға төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Call орталық: 8 (7172) 248027; 87057091978