Колледж жаңалықтары

CLIL, TBLT әдістемесі және ВОРРРЅ моделі

2 weeks бұрын
22

«Арнайы пәндер сабақтарында CLIL, TBLT әдістемесі және ВОРРРЅ моделі» оқыту семинары 

31.01.2020 жылғы Нұр-Сұлтан қаласы Политехникалық колледжінде “Жас педагог мектебі” әдістемелік қызметі жоспары аясында  «Арнайы пәндер сабақтарында CLIL, TBLT әдістемесі және ВОРРРЅ моделі» тақырыбында, оқытушыларға оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар барысында арнайы пәндер оқытушысы Д.Н. Рахимжанова «Экотуризм түрлері» тақырыбында «Экологиялық туризм» пәнінен шеберлік-сыныбы өткізілді. Семинарға әр түрлі мамандықтардың оқытушылары қатысты.

Семинардың мақсаты: колледж оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында  CLIL әдістемесін қолдану тәсілдерін көрсету.

Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Дина Нұрасылқызы сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесінің әр түрлі активити  формаларын көрсетті: “Polyglot”,” TRUE/FALSE”,” Group work”, ” Graphic organizer: Spider diagram» “Types of ecotourism”,” Running dictation”,” Graphic organizer: Target practice “Ecological zones”. Барлық активитилер ағылшын тілінде орындалды.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі С. А. Ашаманова семинарды қорытындылап, ағылшын тілінде оқытушылармен рефлексия жүргізіп, CLIL әдістемесін үйрену және оқу үрдісінде белсенді қолдануды ұсынды.