Колледж жаңалықтары

ЕБҚ-мен бірге халықаралық вебинар

5 ай бұрын
122

2020 ж 11 қарашада Турин қаласындағы (Италия) Еуропалық білім беру қорымен бірлесіп, «Орталық Азия елдерінде қашықтықтан және цифрлық оқытудың өзекті мәселелері ” тақырыбында халықаралық вебинар өтті.

Құттықтау сөз сөйледі:

Кристин Хемшемаер, Еуропалық білім беру қорының өкілі,

Иманғазинова Римма Асимовна, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілі,

Касымбергебаев Бауржан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі, “Синергия-Қазақстан”университетінің президенті.

Халықаралық вебинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті:

Джалилов Азиз директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары құрылыс-техникалық колледжі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

Шарофаддинов Шихназар, Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнайы Білім Министрлігі жанындағы кәсіптік білім беруді жоспарлау және дамыту жөніндегі директордың орынбасары “Педагогикалық инновациялар, кәсіптік білім берудің басшы және педагог кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты».

Аубакирова Динара, “К.Кольбаев атындағы Бішкек автомобиль-жол колледжі” директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласы.

Сенғазыев Қасымхан, “ASTANA POLYTECHNIC” жоғары колледжінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы.

Вебинар Орталық Азия елдерімен тәжірибесімен алмасуға арналды. Оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары, тұрақты педагогикалық бейімделуді қамтамасыз ету үшін қолдау көрсетудің әртүрлі тәсілдері, онлайн режимінде үздіксіз кәсіби дамуға дайындық қарастырылды.

Колледждің әдістемелік қызметі