Колледж жаңалықтары

Ең үздік колледж

3 ай бұрын
33

Политехникалық колледж КЕАҚ “Talap” (“Холдинг “Кəсіпқор”) өткізген Қазақстан Республикасы колледждер рейтингіне қатысып, жүргізілген рейтинг қорытындысы бойынша ең үздік колледж атанды! Қазақстан Республикасының 10 үздік колледждерінің көшбасшысы болды!

Колледждің негізгі 5 бағыт бойынша жұмысы бағаланды, жақша ішінде әрбір бағыт бойынша берілетін ұпай сандары көрсетілген:

1. қызмет сапасы (25 ұпай)

2. Кәсіби мамандар (15 ұпай)

3. бизнес – қоғамдастықпен өзара қарым-қатынас (35 ұпай)

4. WorldSkills жобасына және басқада заманауи жобаларға қатысу (10 ұпай)

5. студенттер контингенті (15 ұпай)

Жалпы индикаторлар 100 ұпайды құрайды. Сараптамаға барлығы 214 колледж қатысты.

КЕАҚ «Talap» рейтинг сараптамасы қорытындысы бойынша Политехникалық колледж 96,8 ұпай жинап, БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленді. ҚР 10 ҮЗДІК КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ көшбасшысы болды.