Колледж жаңалықтары

EXTLAB зертханасын көрсету

4 weeks бұрын
29

30 қаңтар 2020 жылы Политехникалық колледжде «Автомобиль көлігінің электроникасы және электромобиль бойынша EXTLAB зертханасын көрсету» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті. «Транспорт және логистика» кластері аясында өткізілген  іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне өткізілді. Іс-шараның өткізілу мақсаты: арнайы пәндерді өткізу кезінде инновациялық технологияларды енгізу туралы тәжірибе алмасу болып табылады. Бұл шараға «Транспорт және логистика» кластерінің серіктес колледж өкілдері қатысты.

Семинар барысында арнайы пәндер оқытушысы Абенова Гульжанат Мархабатовна инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігін айтып өтті, және де тәжірибелік бөлімінде білім алушылар автокөліктегі тұрақты және айнымалы ток; автокөліктегі электрлік емес өлшемдерінің түрлендіргіштері сынды тәжірибелік платаларында жұмыс жасады.

Алкенов Болат Калкаманович Nissan Leaf электромобилінің негізгі түйіндерін оқып білуге қажетті стендтермен таныстырып өтті.  Семинарға қатысушылар басқарудың борттық желісі, зарядтау құрылғысы, аккумулятор батареясының кесінді үлгісі стендтеріне жұмыс жасады.

 

«Траспорт және логистика» кластері бойынша өткен семинарды қорытындылау барысында қатысушылар іс-шараның мақсатымен қатар  «Электромобильге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының даму перспективаларын айтып өтті. Семинрға қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушылар мен білім алушыларға алғыстарын білдірді.

“Автомобиль және жалпы техникалық пәндер” әдістемелік бірлестігі