Колледж жаңалықтары
Колледж базасы 10 months бұрын 75

Мехатрониканың аймақтық орталығы

 

Мехатроника – ғылымның, техниканың және технологияның жаңа бағыты, ол бүкіл әлемде асқан шапшаңдықпен дамып келеді.  Мехатрондық автоматтандырылған жүйелердің ымырасыз жаңашылдығы, білім беру және өндірістік салалардағы мамандардың жоғары белсенділігін ынталандырады.

Басқа технологиялық әдістердің арасындағы мехатрониканың үлес салмағы  үнемі өсіп келеді, ал мехатрондық модульдердің және жүйелер өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғайып, заманауи адамның кәсіби және күнделікті өмірін қамтуда.

Колледж «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалануы» мамандығының «Мехатроник» біліктілігі бойынша білімалушыларды даярлайды. Аймақтық орталықта мехатроника құзыреттілігі бойынша WorldSkills чемпионаттарына дайындықтар, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктіліктерін арттыру   курстары, бағдарламалау, қолмен және автоматты басқаруды пайдаланып, станциялардың жұмысын жүргізетін үйірмелік жұмыстар, оқу бітіруші топтардың студенттерімен дипломдық жобалау жұмыстары жүргізілетін болады.

Мехатрониканың оқу-зертханалық кешенінде бір уақытта 30 адамға дейін жұмыс істей алады. Корпустан, сүмбіден, серіппеден және қақпақтан тұратын пневматикалық цилиндрлердің үлгілерін құрастыратын, оқытушы   мехатронды желісінен жасалған. Желі он станциядан тұрады, олардың әрқайсысы өзінің технологиялық операциясын орындайды.

2017 жылдың 31 шілдесінде «Festo» компаниясы аймақтық орталыққа арнап жабдықты жеткізді, сондай-ақ, 7 – 26 тамыз аралығында заманауи   мехатроника, робототехника, пневмогидроавтоматика және электротехниканы оқытатын  «Festo» концернінің мамандары колледждің оқытушылары мен студенттерін оқытты және халықаралық үлгідегі сертификаттарды табыс етті.

Мехатроника өз қызметінде бағдарламалы басқаруы бар станоктар операторының, электрлі жабдықты жөндейтін темір ұстасының,  бағдарламамен басқарылатын станоктар мен манипуляторларды реттеушінің жұмыстарын біріктіре алады. Оның қызметіне жетекші бағдарламаларды жасау, мехатрондық жүйелердің құрауыштарын баптау, диагностикалау, механикалық, электромеханикалық гидравликалық, пневматикалық және тағы басқа жүйелерді құру және жөндеу кіреді.

Аймақтық орталықта пневматикалық цилиндрлердің үлгілерін құрастыратын, оқытушы мехатронды желісі бар.  Желі 10 станциядан тұрады: бөліп тұратын, тексеру станциясы, өңдеу станциясы, тасу станциясы, буферлік станция, өнеркәсіптік роботы бар станция, құрастыру станциясы, тесу және іріктеу  станциясы. Станциялар Siemens S 300 контроллерімен бағдарламаланады.