Колледж жаңалықтары
Басқа 8 months бұрын 28

WorldSkills Competition ABU DHABI 2017 44-ші Әлем чемпионаты

 

2017 жылдың  14-19 қазан аралығында Біріккен Араб Эмираттарында Абу-Даби қаласында WorldSkills Competition ABU DHABI 2017 жұмысшы мамандықтарының  44-ші әлем чемпионаты өтуде.  Жарыс құрылыс, өндіріс және машина жасау технологиялары, IT-технология, роботты техника, өнер және дизайн, көлік пен логистика және басқа салалардағы 52 құзыреттілікті қамтиды. Қазақстан ұлттық командасында еліміздің намысын 40 – Graphic Desing Technology құзыретінен біздің колледждің “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының IV-курс студенті  Кирилл Казаку және 39 – IT Network Systems Administration құзыретінен колледжіміздің биылғы түлегі, “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ маманы Владислав Шлагерь қатысып қорғауда.