Оқырмандарға

Пайдалану қағидалары

I. Жалпы ережелер

1.1. «Қазақстан Республикасының білім және ғылымының бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханасын пайдаланудың үлгі ережелеріне» сәйкес, колледждің кітапханасын пайдаланудың Ережелері әзірленді және 17.08. 2000 жылы ҚР БҒМ – № 827 бұйрығымен бекітілді.

1.2. Ережелер кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін, оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін реттейді.

II. Оқырмандар, олардың құқықтары, міндеггері және жауапкершіліктері

2.1. Колледждің оқушылары, оқытушылары мен қызметкерлерінің құқықтары бар:

– кітапхана қызмет көрсететін ақпараттық қорлар, кітапханалық қордың құрамы туралы толық ақпаратты алуға;

– кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын пайдалануға;

– ақпарат көздерін іздеуге және таңдауға кеңестік көмек алуға;

– абонементтен және оқу залынан уақытша баспалық басылымдар және басқа да ақпарат көздерін пайдалануға алуға;

– құжаттарды пайдаланудың мерзімін ұзартуға;

– тақырыптық, фактографиялық, анықтаушы және библиографиялық анықтамаларды алуға;

– электронды жабдықты пайдалану кезінде дәстүрлі емес тасушылардан ақпаратпен жұмыста кеңестік көмек алуға;

– кітапхана өткізетін іс-шараларға қатысу.

2.2. Колледж кітапханасының окырмандары міндетті:

– кітаптарға, баспа туындыларына, кітапхана қорынан алған басқа да материалдарға ұқыппен қарауға;

– оларды белгіленген мерзімде қайтаруға;

– оқырманның формулярында және басқа есептегі құжаттарда  жазылмаған

болса, кітапханадан оларды алып шығуға;

– кітапхана басылымдарын бүлдіріп, оған белгі салуға, сызуға;

– парақтарын жыртып, бүгіп қоюға;

2.3. Кітаптарды, баспа туындыларын, басқа да материалдарды алған кезде оқырмандар басылымдарды мұқият қарап алып, қандай да бір ақауларды байқаған кезде, бұл туралы кітапханашыға айту керек, олай болмаған жағдайда бүлінген кітапқа оған, кітапты соңғы пайдаланған оқырманға жауапкершілік артылады.

2.4. Оқырмандар жыл сайын жаңа оқу жылының басында қайта тіркеуден өтуге міндетті. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.

2.5. Жазғы демалысқа және кезекті демалысқа кетер алдында өзінің атындағы барлық әдебиетті тапсыруы тиіс. Жазғы кезеңдегі жұмысқа қажетті басылымдар, тек қана кітапхана әкімшілігінің рұқсаты бойынша беріледі.

2.6. Колледжден    кетер кезде оқырмандар, өзінің атындағы барлық әдебиетті кітапханаға қайтаруға міндетті және оқырман билетін тапсыруы тиіс.

2.7. Пайдалану ережелерін бұзған немесе кітапханаға шығын келтірген оқырмандарға, қолданыстағы заңнамада ескерлген әкімшілік, азаматтық – құқықтык (материалдық) немесе қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

2.8. Басқа біреудің оқырмандық билетін пайдаланған оқырман, сондай-ақ, өзінің оқырмандық билетін басқа біреуге оқырман, 1 семестрге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.

2.9. Ереже бұзулардың тізімі, ондай оқырмандарға айыппұл төлеу жазалары қолданылады, ол кітапханамен өздігіннен белгіленеді және кітапхананы пайдалану ережелерінің қосымшасында тіркеледі.

2.10. Басылымдарды жоғалтқан немесе әдейі бүлдірген кітаптарға оқырмандар жауапты болады және оларды сондай басылыммен, көшірмесімен немесе кітапхана бағасы тең деген ауыстыруға міндетті, ал ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, басылымның шынайы нарықтық құнын төлеуге міндетті.

Жоғалтқан әдебиеттің айыпұл сомасын немесе құнын уақытылы өткізілген қорды қайта бағалауға сәйкес, оқырмандар ЦеснаБанктің кассасына төлейді. Алынған қаражатқа кітапхананың қорын толтыратын басқа басылымдар сатып алынады.

ІІІ. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

3.1 Кітапхана өз қызметінде осы ережелердегі тармақшалармен белгіленген, оқырмандардың құкыктарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

3.2. Кітапхана Ережелерге және пайдалану қағидаларына сәйкес оқырмандарға қызмет көрсетеді.

3.3. Кітапхана міндетті:

– кітапхана көрсететін қызметтердің барлық түрлері жөнінде оқырмандарға ақпарат беруге;

– кітапхананың барлық түрлерін пайдалану мүмкіндігін оқырмандарға қамтамасыз ету;

– кітапхананы пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін калыптастыру бойынша сабақтар еткізуге;

– оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді жетілдіру, компьютерлендіруді және алдыңғы қатарлы технологияны енгізу;

– қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз ету: оқырмандарға баспадағы қажетті туындыларды және басқа да материалдарды таңдауға көмек көрсету, ауызша кеңестер беру және оларды пайдалануға каталогтар мен ақпарат берудің басқа түрлерін көрсету, кітап көрмелерін, библиографиялық шолулар, ақпарат күндері және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;

– белгіленген ережелерге сәйкес, қордағы кітаптарды, баспадағы қажетті туындыларды және басқа да материалдарды есепке алу, сақтау және пайдалануды іске асыру;

– берілген кітаптарды, баспа туындыларының қайтарылуын үнемі бақылап отыруды іске асыру;

– оқырмандардың жүмысы үшін жайлы жағдай жасау және сақтап отыру;

– кітапхана туралы Ережеге және белгіленген қағидаларға сәйкес, оқырмандардың алдында өз қызметі жөнінде есеп беру.

IV. Оқырмандарды кітанханаға жазу тәртібі

4.1.  Оқырмандар санатына байланысты кітапханаға жазылу:

– күндізгі бөлімнің оқушылары – колледжге қабылдау туралы бұйрықтардың негізінде;

– оқытушылар кұрамы-жеке басының куәлігін көрсету бойынша;

– сырттай оқу бөлімінің оқушылары – жеке басының куәлігін немесе сынақ кітапшасын көрсету бойынша, құжатын кепілге қалдырып қана, абонементтен кітап алады;

– талапкерлер жеке басының куәлігін немесе туу туралы куәлігін көрсету бойынша оқу залында қызмет көрсетіледі;

– колледждің студенті және қызметкері емес адамдарға келісім негізінде жеке басының куәлігі бойынша кызмет көрсетіледі.

4.2. Кітапханаға жазылған кезде оқырман формуляры толтырылады және белгіленген үлгідегі оқырман билеті беріледі, пайдаланушылар 2×3 см көлемдегі фотографиясын тапсырады.

4.3. Оқырмандар пайдалану ережелерімен танысуы тиіс және оларды орындағаны жөнінде міндеттемені растап, оқырман формулярына өз қолын қоюы тиіс.

V. Абонементті пайдалану ережелері

5.1. Абонементтен алған басылымның әр данасы үшін, оқырман кітапша формулярына қолын қояды. Оқырманның формуляры бұл-оқырманға кітап берілгені және кітапханашының кітаптарды және т. б. материалдарды қабылдағаны жөніндегі айғақ және күнін куәландыратын құжат.

5.2. Оқырмандардың әр түрлі санаттарына арналған әдебиетті пайдалану мерзімі және абонементтен берілетін басылымдардың саны:

– оқу әдебиеті – барлық оқу жылына;

– ғылыми-танымал әдебиет – 10-20 күнге дейін;

– ғылыми әдебиет – бір айға дейінгі мерзімге және бір уақытта 5 данадан көп емес.

– көркем әдебиет және баспасөз басылымдары үш данадан көп емес және 15 күндік мерзімге беріледі.

5.3. Топтық сабактарда пайдаланатын әдебиет абонементтен беріледі және топтың кезекші оқушысының қолы тіркеу журналына қойылып ресімделеді.

Топтық сабақтарға алынған әдебиеттер үшін жауапкершілікті, кезекші оқушымен бірге оқытушы да алады.

5.4. Қажетті кітаптар, басқа баспасөз басылымдары кітапхана қорында болмаған жағдайда, кітапхана аралық абонементке тапсырыс беруге болады.

5.5. Оқырмандар үйге алынған кітаптардың, баспасөз басылымдарының пайдалану мерзімін ұзарта алады, бірақ егер оларға басқа оқырмандардың тарапынан сұранысы жоқ болса ғана.

5.6. Абонементтің жүмыс тәртібі:8.30 – 17.30

Окырмандарга кызмет корсету:   8.30 -17.30

Демалыс күні:   сенбі, жесенбі

Тазалық күні: әр айдың 30 күні

VI. Оқу залын пайдалану тәртібі

6.1. Оқу залында кітап беру оқушының билетімен жүргізіледі, оқырман – мамандарға – олардың жеке басын куәландыратын куәлікпен және кітап формулярында ресімделеді.

6.2. Оқу залында берілетін кітап, баспасөз туындылары және тағы басқа материалдар, әдеттегідей, шектеулі емес. Егер кейбір кітаптарға сұраныс көп болса, бір уақытта қажет болған жағдайда, онда берілетін даналардың саны шектелуі мүмкін. (Бұл кітапхана меңгерушісінің шешімі бойынша).

6.3. Энциклопедиялар, анықтамалық басылымдар, сирек кезедесетін және бағалы кітаптар, сондай-ақ, МБА бойынша алынатын басылымдар, тек қана оқу залында беріледі.

6.4. Оку залында берілетін басылымдар, белігілі бір мерзімге, белігілі бір оқырманға қалдырылуы мүмкін.

6.5. Оқу залына өзінің және кітапхананың кітаптарымен, журналдарымен, газеттермен, баспасөз басылымдарынан алынған кесінділермен және басқа да материалдармен кіруге болмайды, кітапхананың бөлмелеріндегі тыныштық пен тәртіпті бұзуға, қызмет бөлмесіне және кітаптар қоймасына кітапханашының рұқсатынсыз кіруге болмайды.

6.6. Оқу залынан әдебиетті алып шығуға тиым салынады. Осы Ережені бұзған жағдайда, оқырмандар кітапхана белгілеген мерзімде пайдалану құқығынан айрылуы мүмкін.

VII. Кітапхананың оқу залында автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдалану ережелері

7.1. Кітапхананың оқу залында жэне каталогта автоматтандырылган жүмыс орындарында жүмыс істейтін окырмандарга тиым салынады:

– компьютерлерге кез-келген бағадарламамен қамтамасыз етуді орналастыруға;

– компьютерлік ойындарды ойнауға;

– компьютердің жұмыс істеу уақытында чатта сөйлесуге, на Интернет желісінің форумдарында отыру үшін пайдалануға;

– компьютерлерді және тағы басқа техникалық құралдарды оқу үрдісіне және кәсіптік қызметке қатысы жоқтарға пайдалануға.

7.2. Оқырмандарға рүқсат етіледі:

– оқу залдарынапортативті компьютерлерді, тыңдайтын құралдарды әкелуге;

– оқу залдарынаоптикалық дисктерді, дискеттерді, USB жинағыштарды, олардың мазмұны оқу үрдісіне және кәсіптік қызметке тікелей қатысты болуы тиіс.

7.3. Оқырмандар компьютердің жұмысындағы ақауларды өзі жөндемей, кітапханашыға хабарлауға міндетті.

7.4. Осы ережелерді бұзган оқырман, кітапханадан шығарылуы мүмкін, ал мұндай жағдай бірнеше рет қайталанса, кітапхана әкімшілігі орнатқан мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.

7.5. Компьютермен жұмыс істеуге рұқсат алған, оқырманның жұмыс уақыты, оқу залында 1 сағатпен шектеледі. Кезек болмаған кезде жұмыс уақыты ұзартылады.

7.6. Кітапхананың қызметкерлері пайдаланушылардың компьютерде немесе желілік папкада сақталған файлдары үшін жауапкершілік алмайды.

7.7. Оқырман оқу залында орналасқан компьютердегі жүмысын кітапхананың жабылуына 15 минут қалғанда аяқтауға міндетті.

Жұмыс кестесі

Оқырмандарға қызмет көрсету: 8.30 – 17.30

Демалыс күні: сенбі, жексенбі

Тазалық күні: әр айдың 30-ы күні

Қосымша ақпараталу үшін харабласыңыз:

«ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі

№1 корпус, 2 қабат

Кітапхана

тел: 8 (7172) 677-546 ішкі: 122

E-mail: library@polytech.kz