Талапкерлерге

«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру»

Мамандық – 0507000

Бітірушінің біліктілігі – 0507063 «қызмет көрсетуші менеджер»

Оқыту мерзімі– 9 сынып базасында 3 жыл 6 ай

Оқыту формасы – күндізгі

Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ

Қонақжайлық индустрия кәсіпорындары қонақ үй өнімін жүзеге асыру және дамыту

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МЕНЕДЖЕРДІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ:

  • Қонақ үй шаруашылығында ұйымдастыру-басқарушылық және маркетинг қызметін жүзеге асыру;
  • Қонақтарға тиімді және мәдени қызметтер көрсету үшін жағдайын жасау және қонақ үйді қабылдағанда және орналастыру кезінде оларға қолайлы жағдайлар жасау;
  • Қабылдау бөлмесінің жұмысын үйлестіреді, міндеттерді, жоспарларды және ұйымдастырушылық талаптарын түсіндіреді.
  • Қонақ үйде орналастыру мен қабылдау кезінде дайындықтың сапасын уақытылы болуын, қызмет көрсету сапасын, бөлмелердің жай-күйі мен дұрыстығын, арнайы тапсырыстар мен бөлмелерді брондау туралы ақпаратты жаңартуды, қабылдау және орналастыру персоналын және олардың тапсырмаларын орындауды бақылайды;
  • Орналастыру мен қабылдау қызметі персоналымен кері байланыс қамтамасыз етеді;
  • Қонақүйде қабылдау мен орналасу кезінде клиенттерге қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Клиенттерге қызмет көрсету сапасының төмендеу себептерін анықтайды, талдайды және жояды.

КӘСІБИ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  1. 1998 жылдан бастап осы мамандық бойынша қабылдау жүргізуде
  2. Кредиттік-модульдік технологияға арналған оқу жоспарын жасау үшін туризм индустриясының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу;
  3. Жұмыс берушілердің шақыруымен оқу және өндірістік тәжірибенің қорытындысы бойынша конференциялар өткізу;
  4. Өндірістік тәжірибені аяқтағаннан кейін студенттердің сертификаттарын алу.
  5. Көрмелер мен семинарларға қатысу.
  6. Мамандықтың әлеуметтік серіктестері: Marriott SAAD отелі, Hilton Garden Inn Astana Hotel, St. Regis Astana отелі, The Ritz-Carlton отелі, Radisson SAS Astana отелі, Grand Park Esil отелі, Windham Garden Astana отелі
  7. WSK-2018 чемпионатына қатысу