Талапкерлерге

«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Бітірушінің біліктілігі – техник-механик

Оқыту мерзімі – 9 сынып базасында 3 жыл 10 ай

Оқыту формасы – күндізгі, сырттай

Оқыту тілі – қазақ тілі

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІҢ САЛАСЫ:

  • Техникалық қызмет көрсету және автокөлікті жөндеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру;

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ:

  • Жобалап-есептеу жұмыстары;
  • Ұйымдық басқару жұмыстары;
  • Қолданыстағы менеджмент және маркетинг негіздеріне сүйене отырып ұйымдастыру – пайдалану жұмыстарының заңдылықтары мен процесстерін үйрену;
  • Өндірістік-технологиялық жұмыс.

КӘСІБИ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Оқыту модульдік және дуалдық оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі, онда қолданылады:

  • Автоматтандырылған оқытушы жүйелер (АОЖ) мультимедиалық технологиялардың негізінде құрылған.
  • COM3LAB оқытушы жүйесі электротехника мен электроника негіздерін оқуға арналған.
  • Мехатрондық жүйелер. Мехатроника өзіне механика, электроника, пневматика және компьютерлік технологиялардың элементтерінен тұрады. Колледжде мехатрониканың 10 станциясы бар.
  • Қолданыстағы макеттер мен стендтерді құру үшін шынайы дипломдық жобалар ұйымдастырылады және орындалады.
  • Оқу шеберханаларында қазіргі заманғы кәсіби жабдықтар BOSCH, Sivik, CarmanScan және т.б., сонымен қатар ВАЗ 2114, ВАЗ 2170 қозғалтқыштарының жұмыс станциялары-тренажерлерде жаттығулар өткізіледі
  • Қорытынды аттестация қолданыстағы макеттер мен стендтерді құру үшін нақты дипломдық жоба түрінде жүзеге асырылады
  • 5 құзыреттілік бойынша кәсіби шеберлік сайыстары мен ұлттық әлем чемпионаттарына қатысу: мехатроника, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, дизель қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, шанақты жөндеу, авто жөндеу
  • Колледждің оқу шеберханаларында теориялық түсіндіруді және практикалық шоғырландыруды, өндірістік мамандардың қатысуымен өткізілетін сабақтарды, қаланың автомобиль кәсіпорындарында экскурсия өткізілуде.
  • Әлеуметтік серіктестер: «RoyalCarsAstana» ЖШС, «Hundai Premium Astana» ЖШС, «Аligator Kazakhstan» ЖШС, «Аstek Auto» ЖШС, «Mercur Auto LTD» ЖШС, «АТБ Сервис Транс» ЖШС.