Талапкерлерге

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Біліктілік – 1304043 «Техник-бағдарламашы»

Оқу мерзімі – 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай

Оқу нысаны – күндізгі, сырттай

Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ

  • есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әр түрлі салаларда, атап айтқанда: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, Әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әртүрлі технологияларды басқару саласында, яғни адам қызметінің барлық салаларында әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

  • деректер базасын және ақпараттық – іздестіру жүйелерін құру және қызмет көрсету үшін бағдарламалар әзірлеу;
  • орта және орта кәсіптік оқу орындарында информатиканы және бағдарламалауды оқыту;
  • ғылыми және экономикалық міндеттерді шешуге арналған бағдарламалар құру;
  • ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану және ақпараттық технологияларды пайдаланумен байланысты басқа да қызмет түрлері.
  • банктерде банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу және қызмет көрсету;
  • жекелеген кәсіпорындарда және тұтас салаларды басқаруда өндірісті жоспарлаудың және басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құра отырып;
  • жаппай қызмет көрсету жүйесін және ақпараттық-анықтамалық жүйелерді әзірлей және қызмет көрсете отырып, кәсіпорындар мен мекемелерде;
  • білім мекемелерінде;
  • компьютерлер мен оргтехниканы жөндеу және диагностикалау жөніндегі сервистік орталықтарда.

КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  • ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерін іске асыру үшін есептеу техникасы құралдарын, бағдарламалау құралдарын қолдану;
  • кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу;
  • бағдарламалық өнімдерді, ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйелері.
  • Колледж базасында жұмыс істейтін Cisco академиясында оқу арқылы қосымша білім беру;
  • WorldSkills кәсіби шеберлігі конкурстарына қатысу;
  • Мамандықтың әлеуметтік серіктестіктері: «BenchMark Consulting» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ, «Tamur» ЖШС, «Казпочта» АҚ, «BenchMarkConsulting» ЖШС, «Шаг» КА, «Arta Software» ЖШС, «Қазахтелеком» АҚ филиалының Ақпараттық жүйелер дирекциясының Орталық өңірлік бөлімшесі, «Story Opt» ЖШС, «System Service» ЖШС, «Цесна банк» АҚ, «Dynamics Technologies» ЖШС