Талапкерлерге

«Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру және қайта құру»

Біліктілік:«Дизайнер- техник»

Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде – 3 жыл  10 ай

Оқыту тілі: қазақ, орыс

МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ

  • Дизайн- жобалардың үлгісінін дайындау;
  • Жарнама- дизайнерлік жобаларды орындау;
  • Графикалық элементтер мен макеттердің түпнұсқасын техникалық орындау;
  • Дизайн- жобаның жүзеге асуын бақылау;
  • Нысанды қайта құру және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау

КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • Базалық және кәсіби құзыреттілікті меңгеруге негізделген кәсіби- тәжірибелік дайындық;
  • Қалпына келтіру, қайта құру және жобалау барысында ВІМ технологиясын меңгеру- ғимаратты ақпараттық модельдеудің технологиялық платформасы;
  • КОМПАС 3D, ArchiCAD, AutoCAD, CorelDraw, 3D-MAX автоматтандырылған жобалау және модельдеу жүйесін меңгеру;
  • KNAUF ресурсты орталығы арқылы қосымша білім ал;
  • Халықаралық, республикалық және қалалық көрмелерге, шеберлік- сыныптарына, қайырымдылық акцияларына қатысу;

Әлеуметтік серіктес ретінде «Атамекен- Қазақстан картасы» ұлттық- мемориалдық кешені», «Оазис- Астана», «Dari Art», «Техно-Инвест-2018»  және т.б кәсіпорындар жұмыс жүргізіледі. Кәсіпорындар жұмыс орын ұйымдастыруда, тәлімгер бекітуде, тренинг өткізуде көмек көрсетеді. Сонымен қатар, тапсырыстарды орындау және тапсырыс берушілермен жұмыс жүргізу үшін студенттерді жұмысқа шақырады.